Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға зор маңыз беріледі

15 сәуiр, 13:43

Еліміз бойынша жастар саясатын жүзеге асыруда «Жастар ресурстық орталығының» маңызы зор. Айталық, өңірдегі жастар орталығында жас буын арасында нашақорлықтың алдын алу үшін іс-шаралар өткізіп тұрады. Осындай игі бастаманы Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» мамандары да ұйымдастырады.

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Заманбек Орынбеков: «Бүгінде жас буынға зиянды әрекеттердің алдын алу оның ішінде нашақорлық, есірткі мен алкоголь сынды дүниелерден аулақ болу мақсатындағы жұмыстар орталық тарапынан қолға алынуда», — дейді.

«Жастар ресурстық орталығының» басшысы нашақорлықтың алдын алу бағытында ұйымдастырылған бірқатар іс-шараларды атап өтті.

Ол: «Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Инновациялық-технологиялық колледжі студенттерімен кездесу өткізілді. Мұндағы мақсат – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Балжан Манабаева, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Қарлыгаш Қорғанбаева қатысты», — деді.

Кездесу барысында спикерлер есірткіге елтудің адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастарға зиянды әрекеттердің себебі мен салдары түсіндірілді. Одан бөлек, кездесуге қатысушылар жастарды ойландырған сұрақтарға жауап беріп, нашақорлықты болашақтың қауіпті дерті екенін ұғындыруға тырысты. Жиын барысында жастар қажетті ақпаратпен толық қамтылды.

Сонымен қатар «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманының ұйымдастыруымен «Аутодеструктивті мінез-құлық және психологиялық ерекшелік» тақырыбында жастарға арналған семинар-тренинг өтті.

Көбінде аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткіге құмартып, денсаулығына және психикасына зиян келтіруден пайда болады. Осы бағытта орталық психологы Түркістан – индустриалды құрылыс колледжі жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік ойын өткізді.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары мен білім саласында осы тақырып жөніңде арнайы семинарлар өткізіліп, аутодеструктивті мінез-құлықты болдырмаудың жолдары кеңінен түсіндіріліп жатыр.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды