Шымкентте жаңа колледжге қаламгер-педагогтың есімі берілді

05 сәуiр, 9:30

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ғана емес, ағартушы-педагог маман ретінде де белгілі. Қазақ оқымыстылары арасында жантану немесе психология іліміне арнап еңбек жазған тұңғыш зерттеуші. Шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Өткен ғасырдағы 20-жылдардың соңына таман Шымкент қаласына келіп, әуелі педагогикалық техникумында ұстаздық еткен, содан кейін басшылық қызмет атқарған. Осы оқу ордасы болашақ мұғалімдерге дәріс берді. Сол өңірдегі ауыл-аймаққа білім мен ағартушылық ұрығын септі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, міне, осы шырайлы шаһарда ашылған жаңа оқу орнына Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан жаңа колледждің ашылуы және білім ұясына Алаш қайраткерінің есімі берілуіне орай салтанатты жиын өтті. Жиында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген бес арыстың бірі екенін атап өтті. Ол «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді халқымыз. «Халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз» деп еліне еміреніп еңбек еткен Жүсіпбек бабамыздың есімі бұл колледжге берілуі тегін емес. Мұның символикалық мәні бар» деп, жаңа оқу ордасының ұжымына сәттілік тіледі.


Ұстаздар ұстаханасы атанған университет жанынан ашылған колледж білікті маман даярлауды көздейді. Басты мақсат — жас буынға алдымен орта арнаулы оқу орнында оқытып, ілім-білім бойынша қарым-қабілетін арттыру. Сол арқылы жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесіне дайындау. Колледжде тәлім-тәрбие алып бітірген түлек университетте қысқартылған оқу жүйесінде оқиды. Тәжірибе көрсеткендей, осы үрдіс — білім берудің тиімді үлгісі. Әрі шәкірттің уақыт үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Қаланың қақ ортасында орналасқан колледж жаңа оқу жылынан бастап талапкерлерді қабылдайды. Мемлекет тарапынан грант бөлу де қарастырылып отыр. Оқу ордасында педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі, музыкалық білім беру және көркем еңбек сияқты үш мамандық бойынша сабақ өтеді.


Салтанатты жиынға қатысқандандар жаңа оқу орнының ғимаратын аралап көрді. Колледжде тәжірибелі әрі біліктілігі жоғары 58 оқытушы жұмыс істейді. Көрнекі құралдары мен материалдық-техникалық жабдықтары да сапалы білім беруге толық дайын. Студенттерге сабақ өтетін 175 аудитория, 13 зертхана мен 2 шеберхана бар.
Осылайша, Шымқалада жастарға сапалы білім беру, білікті маман дайындау ісінде тағы бір тың қадам жасалды.
JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 11:48
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды