jasqazaq.kz

Шымкентте үш адамның өмірін қиған күдікті ұсталды (видео)

12 ақпан 2018, 11:45

Шымкентте үш адамды өлтірді деген күдікті Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан ұсталды.  Baq.kz  хабарлағандай, еске сала кетейік, қайғылы оқиға Шымкенттің Абай ауданында 8 ақпанда кешке қарай болды.

Полицейлер қаланың ескі шағын аудандарында орналасқан жер үйден екі баланың және олардың анасының мәйітін тапты. Әйел 1965 жылы, балалары 1996 және 2005 жылы дүниеге келген.


Телеарнаның мәліметінше, күдікті 10 ақпанда ұсталып, 11 ақпанда Шымкентке жеткізілді. 1991 жылғы ер адам осыған дейін Шымкентте тұрған, жақында ғана Таразға көшіп кеткен. «Ол әйелдің тұңғыш ұлымен таныс, екеуі Dota ойнайтын болған. Күдіктінің айтуынша, жақында ол сол жігітпен бірге дүкеннен қымбат компьютерлік процессор алған. Кейіннен процессорды ұрлап кету үшін досының үйіне барған. Қылмыс жасамастан бұрын үйді аңдып жүргенін мойындады. Куәгерлер де мұны растап отыр. Үйде ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен соң ол үйге қақпадан секіріп түскен. Бірақ үйде досының анасы болған. Оны кастетпен өлтірген. Осы сәтте үйге бірге Dota ойнап жүрген досы келіп қалады. Оны үстелдің аяғымен ұрып өлтірген. Ал үйдің кенжесі 13 жастағы баланы қылғындырған», — деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті