jasqazaq.kz

Шымкентте вейп сатқан күдіктілер анықталды

16 наурыз, 11:04

Шымкентте вейптерді заңсыз сатқан күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату жайттарының жолын кесті. Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қаладағы дүкендердің алдында вейп өнімдерін сатып жүрген екі ер адамды анықтады. Сонымен қатар полицейлер электронды тұтыну жүйелерін мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған Түркістан облысының тұрғынын да әшкереледі. Бұл мақсатта ер адам мессенджерде арнайы топ ашып, онда вейптерді жарнамалап, сатумен айналысқан. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде құқық бұзушылардан шамамен 100 электронды тұтыну жүйелері тәркіленді. Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция шегілмейтін темекі бұйымдарының және вейптердің айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді