jasqazaq.kz

Шымкентте тікұшақ қатысқан той серуеніндегі көлік жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылды

04 тамыз 2017, 13:22

Шымкенттік полицеилер тікұшақ қатысқан тои серуеніндегі көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбаны мұқият қарап шыққан Жергілікті полиция қызметкерлері тои серуеніндегі үш көліктің жүргізушісі жол ережесін бұзған деген шешімге келген. Атап айтқанда «Бентли» мен «Тойота Лэнд-крузер» көліктерін тізгіндегендер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 614 бабы «Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру» әрекеті бойынша жауапқа тартты. Облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшылығы сондай-ақ той серуенінде болған өзге де азаматтарды әкімшілік жауапқа тартамыз деп отыр. Ал, тікұшақтың республикалық маңызы бар жолда көліктермен бірге жүріп, қандай биіктікте ұшқаны туралы мәліметтер құзырлы органдарға жолданған. Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте той кортежімен бірге ұшқан тікұшақтың бейнежазбасы барлық әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Түсірілімде той кортежімен ілесіп бара жатқан тікұшақ төмен қарай түсіп, қайта көтерілген еді. Кейіннен тікұшақты суретші жігіт үйлену тойындағы серуенге жарты сағатқа жалдап, ол үшін 235 мың теңге төлегені анықталған.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда