Оқиға түнгі сағат 1 лер шамасында орын алған. Куәгерлердің сөзінше «Нексия» автокөлігінің жүргізушісіне белгісіз біреу пышақ жарақатын салып, қашып кеткен.
Ал, қансыраған азамат машинасын тізгіндеп ауруханаға жетіпті. Көп қан жоғалтқанына қарамастан жүргізуші ақ халаттылардың алдына өзі келген. Бірақ, көлік ішінен түсуге шамасы келмей, айқайлап көмек сұрапты. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар оның дауысын естіп, жәрдем берген. Сөйтіп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер шұғыл ота жасапты. Қазіргі жағдайы бірқалыпты.