Шымкентте өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

13 сәуiр, 15:04

Еліміздегі ірі өндіріс орталықтары қатарына жататын Шымкент қаласында өнеркәсіп кәсіпорындары өндіретін өнім көлемі артып келеді. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндіріс индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға артып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды –инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Е. Тұрманов атап өткендей, 2023 жылғы өсу қарқынын ескере отырып, биыл өнеркәсіп саласында өндірілетін өнім көлемі болжам бойынша 1 107,5 млрд теңгеге жетеді. Бұған Шымқаладағы өндіріс орындарына тартылып жатқан инвестиция көлемінің жылдан жылға ұлғаюы да ықпал етіп отыр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанынада (қаңтар-наурыз) шаһарға 98,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл 2003 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 110 пайызды құрады. Айрықша атап өткен жөн, 85,6 млрд теңге жекеменшік инвестицияны құрайды. Қалғаны мемлекеттік бюджеттен түскен инвестиция болып табылады.

Сонымен қатар, Шымқалада алдағы 5 жылда (2024-2028) жүзеге асырылатын 219 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Құны 1,7 трлн теңгені құрайтын осы жобалардың арқасында қалада 31 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Шымкентте өнеркәсіптік аймақтарда өндіріс саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Қазір қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Осы индустриалды аймақтарында құны 330,9 млрд теңгені құрайтын 285 жоба іске асырылуда. Бұл 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Солардың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. 306 гектар аумақта орналасқан аймақта инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Аймақта 126,7 млрд теңгеге 3230 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 35 жоба іске асырылып жатыр. Ағымдағы жылы 7 жобаны жүзеге асырып, 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Ал 132 гектар аумақты алып жатқан «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалдық аймағында жалпы құны 27,1 млрд теңгені 8 жобаны іске асыру көзделген.

Шымкент қаласындағы өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 кәсіпорын бар. Олардың 20-ы ірі, 49-ы орта және 816-сы шағын өндіріске жатады.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды