jasqazaq.kz

Шымкентте ойынханаға қарулы шабуыл жасалды

14 тамыз 2017, 12:04

Шымкент полицейлері ойынханаға қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар 10 тамызда қаладағы ойынханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Оқиға орнына келген полицейлер түнгі уақытта бетперде киген белгісіз біреулердің қарумен шабуыл жасағанын анықтады. Сондай-ақ, олар күзетшіні қорқытып, кассадағы ақшаны иеленбекші болған. Ақшаны ала алмаған соң қарақшылар оқиға орнынан жасырынған. «Бұл дерек әл-Фараби ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық ашу үшін және күдіктілерді ұстау мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды, Жедел-іздестіру шаралары барысында әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері үш күдіктіні — Шымкент қаласының 1986 жылғы және 1988 жылғы тұрғындарын ұстады», — деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері. Тінту жұмыстары барысында полицейлер ұсталған күдіктілерден заттай дәлелдер ретінде бетперделерді, автомат, «ПМ» тапаншасын, травматикалық қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі. «Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша 192- бабы «Қарақшылық» және 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғкалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді полициядағылар.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда