jasqazaq.kz

Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

04 маусым 2024, 13:21

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді.

Бүгін бас қала – Астанадан бастап, еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ту көтеру рәсіміне қатысып, жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екенін атап көрсетті.

Шырайлы Шымшаһарда да Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, түрлі шаралар өтіп жатыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. «Құрметті жерлестер! Баршаңызды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн сан ғасырлық тарихи жолымыз бен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айшықтай түсетін айрықша маңызға ие.

Елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын паш ететін Елтаңба, Ту және Әнұран Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, жүрегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.

Елтаңбамыз абыройымызды асқақ етіп, Көк туымыз биікте желбіреп, Әнұранымыз жеңіс тұғырларында шырқала берсін!» — деді шаһар басшысы. Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, жастар, ардагерлер, түрлі этнос өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.

Сондай-ақ Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 4 маусым – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай қала тұрғындарына құттықтап, ту таратылды.

 

Қала тұрғындарына Мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығын, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында мерекелік ту шеруі өтті. Қоғамдық көліктерде, саябақтарда, гүлзарларда ту таратылып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шараға «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен белсенді студенттері, қаланың ерікті жастары қатысты.
Ту тарату іс-шарасы «Спутник» гүлзарында, А.Асқаров атындағы «Дендросаябағы», «Гүлжан» аялдамасы, А.Байтұрсынов көшесіне дейін жалғасты.

Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп, құрмет көрсету – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне зор үлес қосатыны сөзсіз.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент өңірлік коммуникациялар алаңы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?