jasqazaq.kz

Шымкентте мас жігіттер полицейлерді соққыға жыққан

04 шiлде 2017, 8:25

Шымкентте мас жігіттер полицейлерді ұрып кеткен.

Сақшылар қасынан өтіп бара жатқан көліктегі жүргізушінің сау екендігіне күдіктеніп, тоқтатпақ болады. Алайда жүргізуші тоқтамай, қаша жөнелген. Бірақ олар алысқа ұзап кете алмаған. Алды тұйық шағын көшеге бұрылған да, тоқтауға мәжбүр болған. Осыдан соң үш жігіт полицейлерге жұдырық ала жүгірген. Сержант пен старшинаның погонын жұлып алған. Денелерін көгертіп, түрлі жарақат салған. Бұзақы жігіттерді тек көмекке келген экипаж тыныштандыра алған. «Сараптама үш жігіттің орташа деңгейде мас болғанын көрсетеді. Қазір олар кінәларын мойындап, өз істеріне өкініш білдіріп отыр. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Екі баптың бірі бойынша оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», — дейді Еңбекшілер полициясы тергеу бөлімінің басшысы Жандос Сұлтанов.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда