jasqazaq.kz

Шымкентте мас күйде көлік жүргізген прокуратура қызметкері ұсталды (видео)

14 маусым 2017, 18:22

ОҚО-да көлікті мас күйде жүргізген прокуратура қызметкері ұсталды.

ОҚО-ның прокуратура басқармасының аға прокуроры Нұржан Полатов мас күйде көлік жүргізген. Қазір ол жазадан құтылу үшін сотқа арыз берген. Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткені мен мас күйде рөлге отырғаны үшін толтырылған әкімшілік хаттамалардың күшін жойғысы келеді. Мамырдың басында Шымкент полицейлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен прокуратура қызметкерін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер ер адамның ішімдік ішкенін байқаған. Медециналық сараптама бұл деректі растаған. Болған жайтты полицейлер видеожитон мен ұялы телефондарына түсірген. Дегенмен әкімшілік сот отырысы ашық күйден жабық күйге ауыстырылған. Ал 33 жастағы прокуратура қызметкері рөлде өзі емес, жақын туысы отырғанын айтқан. Сот әкімшілік хаттамаларды жарамсыз деп тапты. Дегенмен видеода жағдайдың басқаша болғанын көруге болады. Видеода Полатов Нұржан Салыханұлы инспекторға жүргізуші куәлігін бере отырып, болған жағдай үшін кешірім сұрап жатқаны, қобалжып темекі шеккені және сараптама қорытындысына қол қойғаны көрініп тұр. Әкімшілік сот бұл видеоны назарға алмады. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және тараптардың шешімді өзгерту үшін арыз берулеріне уақыты барын айта кетейік.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда