Шымкенттің Самал-3 шағын ауданында келеңсіз жағдай орын алды. Қираған үйде дәрет сындырмақ болған екі азамат, ғимарат ішінде жатқан адамды байқаған. Бұл туралы tvk-uko.kz сайты хабарлады.
Қимылсыз жатқан денені көргендер- бірден полицяға хабарласыпты. Қызық- оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткенде басталған. Өйткені өлдіге саналған азамат ұйқысынан оянып жиналғандардың зәресін алыпты. Сөйтсе, ащы судан ұрттап алған ол-әйелімен ренжісіп қалған екен. Кейін ұйқысын қандырып алу үшін қираған үйге кірген.