jasqazaq.kz

Шымкентте қызы әкесін пышақтап тастады

06 қантар 2018, 11:36

Шымкентте туған қызы әкесін пышақтап тастады. Айтуға ауыз бармайтын жағдай отбасылық жанжал барысында туындапты. Анасы мен қызы жұлысып жатқанда әкесі екеуін арашаламақ болып, орталарына түстім дейді жәбірленуші. Сол сәтте 22 жастағы қыз әкесіне пышақ сұғып алған көрінеді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Туған қызының қолынан қаза бола жаздаған Мұрат Шадамов қазір жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. 46 жастағы азаматтың жағдайы әлі де ауыр. Дәрігер қансырап аурухана түскен науқасқа дереу ота жасап, жанын аман алып қалған.

«Науқастың түскен кезде жағдайы ауыр болды. Ішінің оң жақ тұсынан кесілген дене жарақатын алған. Ота кезінде науқастың ащы ішегінің 3 жерінен кесілген жарақаты, ішке қан кету диагнозы анықталып, қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр бірқалыпты», – дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Сұмдық оқиға науқастың өз шаңырағында болған. 3-ші қаңтар күні күндізгі 12-лер шамасында жұмыстан үйге келген отағасы жұбайы мен баласының жанжалының үстінен түскен. Осы сәтте қызының қолындағы ас үй пышағы анасының емес әкесінің денесіне кірген.

Ал құзырлы орган аталған факті бойынша тергеуді бастап кетті.

«Онда Н есімді азаматша өзінің әкесі Н есімді азаматқа абайсызда пышақпен дене жарақатын салғаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 106 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде», – дейді Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязов.

Ал әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Соңғы уақытта кішкентайымен бірге төркінінде тұрып жатыр екен. Бірақ оқиға болған үйде бүгін үлкендер болмады. Ал қызы әкесінің хәлін сұрап әлі ауруханаға да бармаған.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды