jasqazaq.kz

Шымкентте көпқабатты үйдің жертөлесінен адамның мәйіті табылды (видео)

07 қыркүйек 2017, 17:41

Шымкентте көпқабатты үйдің жертөлесінен адамның мәйіті табылды. Мүрдені тазалық жұмыстарын жүргізген мекеме қызметкерлері тауып алыпты.

Оқиға бүгін таңертең сағат 10-дар шамасында болған. Асанбай Асқаров көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде кәріз құбырларын ретке келтірмек болған жұмысшылар бірнеше бөлікке бөлінген адамның мәйітін көріп қалған. Басы да бір шетте жатыпты. Олар жертөледен атып шығып, болған жәйтті үйдің тұрғындарына айтады. Барлығы жабылып дереу полицейлерге хабар берген. Артынша тәртіп сақшылары жетіп, оқиға орнын қоршауға алды. Куәгерлердің сөзінше, мүрде ұзақ уақыт жатып қалғандықтан, иістеніп кеткен. Әрі оның жас шамасы мен жынысын да білу қиынға соғыпты. Үйдің тұрғындары осыдан бес жыл бұрын жертөледен өлексенің иісі шығып, оны мамандар дәрілегенін айтады. Содан бері жертөлеге тірі жан түсіп көрмепті. Қалай болғанда да Абай аудандық полиция бөлімінің ішкі істер қызметкерлері оны мәйітханаға алып кетті. «Қазір мәйіттің табылуы фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Әзірге мен сіздерге мәйіттің ер адамдыкы немесе әйелдікі деп айта алмаймын. Себебі, оның жатып қалғанына көп уақыт болған. Сондықтан тиісті шешімдердің барлығы сот медициналық сараптамалардың қорытындысы бойынша қабылданатын болады», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

 

ҚазАқпарат

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті