jasqazaq.kz

Шымкентте ерекше балаларға арналған колледж ашылды

02 қыркүйек 2024, 14:19

Шымкент қаласында жарты ғасырлық тарихы бар ерекше балаларды тәрбиелеп, білім беретін мекеме биыл «колледж» дәрежесін алды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұнда оқу ғимаратынан бөлек 100 орынға лайықталған асхана, акт және спорт зал, ағаш өңдеу сондай-ақ, тігін шеберханасы бар. Жаңа ғимараттың ауданы – 3,5 га. Мекеме ауласында алма, өрік, алхоры сынды жеміс ағаштары отырғызылған бау-бақшамен көгалдандырылған. Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мектеп-интернат-колледжін тәмамдаған соң, таңдаған мамандықтарының бірі бойынша диплом алып шығады. Бұл білім мекемесі Қазақстанда тұңғыш рет көмекші мектеп-колледж мәртебесін алды. Нысан құрылысы Шымкент қаласын дамыту бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асырудың кешенді жоспарына енген болатын. Еске сала кетсек, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарлама мен «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін ел көлемінде 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында мамандықтар атласы жасалады. 2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30%-ке дейін өседі.


Мектеп – интернат 1979 жылы арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған көмекші мектеп-интернат болып, 2021 жыл 12 мамырда – «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешен» болып қалыптасқан.
Ерекше білім алатын балаларды тәрбиелеумен қатар, білім беріп, оларды өмірге бейімдеп, мамандық бойынша дайындайтын мекемелер қатарынан орын алған бұл кешенде 300-ден аса бала, 200 дей қызметкер жұмыс жасап келеді.
Ерекше білім алатын балалар түрлі іс-шараларға қатысып, байқаулардың жүлдегерлері атанып, тәрбиеші, мұғалімдерімен қоса ата-аналарын да қуантып отыр.

Колледжде ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы, тігінші мамандықтары бойынша кәсіп меңгертсе, алдағы уақытта аспаз мамандығы, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша топ ашып, мамандар дайындайды.
Қазіргі таңда, 48 талапкер оқуға құжат тапсырып, студент атанды. «Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы» мамандығында — 23 студент. «Тігінші» мамандығына – 25 студент оқуға қабылданды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды