jasqazaq.kz

Шымкентте дәмханада шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды (видео)

25 қыркүйек 2017, 11:22

Шымкентте дәмхана өртеніп кетті. Тамақтанатын орыннан шыққан жалынның күшті болғаны соншалық, жанындағы тұрғын үйге өтіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығында болған. Байтұрсынов көшесіндегі «Мармелад» дәмханасынан от шығып, жалын сол аумаққа қауіп төндірген. Куәгерлер өртенген дәмхананың сыртқы ауласын бейнтаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Өйткені өрт дәмхананың ауласынан шыққан. Артынша сол маңдағы үйлерге өтіп кеткен. Кейіннен оқиға орнына өрт сөндірушілер арнайы техникалармен жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Сақтық шараларын қолға алған тәртіп сақшылары жолдарды жауып, өрт сөндірушілер қолғабыс еткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері шатырларға шығып, отты өшіріп алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің нақты шығу себептері айтылып жатқан жоқ. Оқиға орнында облыстық ТЖД қызметкерлері мен анықтаушылар мән-жайды сұрастырып білді. Өрт салдарынан қанша шығын келгені жайында ақпарат таңертең белгілі болмақ.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда