jasqazaq.kz

Шымкентте бойжеткенді тепкен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды

28 қыркүйек 2017, 10:33

Шымкентте бойжеткенді ішінен ұрып құлату оқиғасы бойынша полицейлер өз уәждерін айтты. Қазіргі таңда қызды тепкен тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы бүгін қалалық жергілікті патрульдік полиция бастығы Данияр Мейірхан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қалалық ЖПП бастығының сөзінше, дәмханада төбелес болған. Артынша екі бойжеткен «102» нөміріне хабарласып, өздерін белгісіз азаматтың ұрғанын айтқан. «Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бойжеткендерге қол көтерген 26 жастағы азамат пен оның жанындағы азаматшаларды көлікке мінгізіп, полиция бөлімшесіне жеткізбек болады. Алайда ұсталған азамат ішкі істер қызметкерлерінің айтқанына бағынбай, қарсылық көрсетеді. Тіпті оларға қол көтерген. Кейіннен жас жігітке оның жанындағы қыз жақтаспақ болады. Куәгерлер түсірген бейнетүсірілімде полиция қызметкерінің қызға қол көтергені түсіп қалған. Қазіргі таңда қақтығысқа қатысқандардың барлығының жеке тұлғалары анықталып, куәгерлерден бейнетүсірілімдер алынып жатыр. Жетондардағы, дәмханада орналасқан бақылау камерасындағы бейнетүсірілімдер анықталып, зерттеледі. Шымкенттік Жергілікті полиция қызметі өз қызметкерінің әрекетін ақтамайды. Қызметкерлерге қатысты әрекеттерінің заңдылығын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз», — дейді Данияр Мейірхан. Ол сондай-ақ полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктінің бір қызды бетінен ұрғанын, екіншісінің шашын жұлғанын анықтағанын айтады. Алайда күдіктіні ұстау кезінде жанындағы бойжеткен тәртіп сақшыларына қол жұмсап, былапыт сөздер айтты деп отыр. «Екінші куәгерлердің бейнетүсірілімінде қыздың тәртіп сақшыларына жаман сөздер айтқаны көрініп тұр. Бойжеткен тіпті ішкі істер қызметкерлеріне қарсы шығып, олардың погондарын жұлып алған. Погондарын көшеге лақтырған. Десе де бойжеткеннің бұл әрекетіне қатысты енді тиісті шаралар көрілетін болады. Сондай-ақ осы оқиға бойынша қазір Қылмыстық Кодекстің 293- «Бұзақылық» және 380-« Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптарымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды»,- дейді Шымкент қалалық ЖПП бастығы. Айта кетейік, кеше таңертең Шымкенттегі дәмханалардың бірінің алдында полицейлер мен жастардың арасында төбелес болған еді. Онда полицей бойжеткендердің бірінің ішінен ұрып жіберген. Салдарынан қыз ішін ұстап, отырып қалған болатын. Бұл көріністі куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда