Шымкентте жаңадан кəріз жүйесін жүргізіп жатқан кезде қазылған шұңқырдың жиегі құлап, бес бірдей жұмысшы топырақ астында қалып қойған.
Тосын жағдай қаладағы Тастақ көшесінде орын алды. Абырой болғанда үйінді астында қалған азаматтар дін аман. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 4-5 метр тереңдіктен барлық азаматтарды аман есен шығарып алған. Азаматтарды жерден аршып алу кезінде құтқарушы Мұхит Ибрагимов дене жарақатын алған. Қазіргі таңда ол ауруханада. Құтқарылған қызметкерлердің барлығы жедел жəрдем қызметкерлеріне тапсырылды. «Оқиға орнында барлық құзырлы орган өкілдері бірлесіп, оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр», – дейді ОҚО ТЖД ақпарат орталығындағылар