jasqazaq.kz

Шымкентте автопарктің басшысы жұмыс орнында көз жұмды

19 қантар 2018, 11:31

Шымкентте автопарктің басшысы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 70 жастағы директордың мәйіті қызмет бөлмесінен табылған.

Оқиға орнына ІІД-нің 4 қызметкері мен өрт сөндіру қызметінің 2 маманы жетіп, мән-жайды анықтаған. «18 қаңтар күні сағат 12:49-да ОҚО ІІД кезекші бөліміне Шымкенттің өндірістік алаңы аумағындағы «Автобус-Сервис» ЖШС әкімшілік ғимаратында өрт болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері қызмет бөлмесіндегі төсеніш жабдығы жанып, бір шаршы метрде өрт болғанын анықтаған. Бірақ серіктестік жұмысшылары өрт сөндіру қызметін шақыртпаған. Алдын-ала болжам бойынша өрт темекі тұқылынан шыққан» делінген ТЖД таратқан хабарламада.

 

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады