jasqazaq.kz

Шымкентте автокөліктерді ұрлап жүрген екі күдікті ұсталды

13 маусым 2017, 12:30

Шымкентте автокөліктерді ауладан ұрлап жүрген екі күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сезіктілердің 3 көлікті айдап кету жайтына қатысы бары дәлелденіп отыр.

Жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында ұсталған екі күдікті 1994 және 1996 жылы туған қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де жұмыссыз. Олардан жауап алу барысында көліктерді негізінен көпқабатты үйлердің ауласынан ұрлап жүргендері анықталды. Ең алдымен «Север» шағын ауданында 44 жастағы азаматтың «Опель» маркалы автокөлігін ұқсас кілтпен ашып, заңсыз айдап кеткен. Кейіннен оны сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратыпты. Оңай жерден олжалы болғандар тағы екі көлікті ұрлап, сатып жіберген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуықтайды. Қазір күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамауға алынып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 200 бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» әрекеті бойынша іс қозғалды. Айғақты зат ретінде ұрланған бір автокөлік тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда