jasqazaq.kz

Шымкентте 9 қылмыстық топ ұсталды

25 шiлде 2017, 12:53

Шымкент полицейлері 46 пәтердің тоналуына қатысы бар тоғыз қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7-13 шілде аралығында Шымкентте «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Нәтижесінде 9 қылмыстық топ ұсталып, 73 қылмыс ашылды. Олардың ішінде пәтер тонау, қарақшылық, алаяқтық және автокөлік құралдарын ұрлау деректері бар. «Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің қала аумағында 46 пәтердің тоналу дерегіне қатысы бар екені анықталды. Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық»), 190-бабы («Алаяқтық») және 191-баптары («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, қылмыстық топ мүшелерінің ішінде Қызылорда мен Тараз қаласының тұрғындары бар.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда