Қорқор мен темекі сататын кәсіпкерлер отбасын кеше бәзбіреулер пышақтап кеткен туралы мәлім болған еді. Полицейлер күдіктіні бірден ұстапты. Ол сол үйдің ұлы деген қауесет тарап жатыр. Бұл туралы КТК теларнасы.
Жаға ұстатарлық жағдай туралы қазір тілшіміз Бек Әбиев толығырақ айтып береді. Сәлем, Бек. Әкесі мен қызын бірдей өлтірген азамат туралы ақпарат бар ма? Бүгін сол жантүршігерлік оқиға болған үйге барғанбыз. Полицейлер баспананың маңайын қоршауға алып, есігін мөрлеп тастапты. Тілшілер барған сәтте күдіктінің өзін үйге әкеліп жатыр екен. Бірақ тәртіп сақшылары оқиға орнына журналистерді жолатпай қойғандықтан, өлтірді деген азаматты көре алмадық. Көршілері марқұмдардың осы үйге жуырда ғана көшіп келгенін айтады. Олар бұл отбасымен араласа бермейтінбіз десе де, 70 жастағы жастағы ақсақал мен оның қызын өлтірген сол марқұм әйелдің 24 жастағы баласы деп отыр. Петр Кривцов, көршісі: -Көршілердің айтуынша, әлгі жас жігіт анасы мен нағашы атасын өлтіріпті-міс. Ал күдіктіні полицейлердің тек бір іш киіммен ғана үйден алып шығып жатқанын өз көзіммен көрдім. Үсті-басының бәрі қан еді. Жұрттың айтуынша, анасы мен атасын өлтіргенін мойындаған көрінеді. Құзырлы орындар әдеттегідей ақпарат беруге тым сараң болғандықтан, амал жоқ, осы сияқты сөздерге сүйенуге тура келіп тұр. Жұрттың айтуынша, бұл қанды оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған. Ал полициядағылар, әрине, мұны не растап, не жоққа шығарып отырған жоқ. Марқұм әйелдің туыстары оның осы үйде баласымен бірге тұрғанын айтады. Ол үш қыздың ортаншысы болған екен. Марқұмдар бүгін жерленетін болды. Әзірге суыртпақтап алған бар ақпарат осы. Енді ресми органдардың мәлімдемесін күтеміз.