jasqazaq.kz

Шымкентте 1,5 жасар бүлдіршінді 6 метрлік шұңқырдан құтқарып алды (видео)

21 маусым 2017, 13:12

Шымкенттің іргесіндегі Телман бөлімшесінде 1,5 жасар бүлдіршін терең шұңқырға құлап кетті. Абырой болғанда бала 6 метр тереңдікке салынған бетонның арасына тұрып қалып, аман қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір жарым метр тереңдіктегі темір бетонды арнайы құралдармен бөліп, арасына тұрып қалған бүлдіршінді шығарып алды. Құтқарушылар жасағының жетекшісі Павел Вишенин «егер бала сол бетонның екі ортасына тұрып қалмағанда, алты метр тереңдіктегі шайынды сулар жинайтын шұңқырға құлап кетер еді, онда кішкентай баланың аман қалуы екіталай еді, көрер жарығы бар екен», — дейді. Кейіннен бүлдіршіннің ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Баланы денсаулығын тексерген дәрігерлер оның айтарлықтай жарақат алмағандығын айтып, үйінде қалдырды.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда