Шымкент: Жылу жүйелері жаңартылады

23 тамыз, 14:07

Шымкент қаласында 2022-2026 жылдар аралығында жылу жүйелерін жаңартуға бағытталған Инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалуы, биылғы жылу маусымына дайындық барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Баспасөз туры Шымкент қаласындағы жылу жүйелерін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысуға және олардың маңыздылығын атап өтуге бағытталды.
Инвестициялық бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп іске асыруда.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы сомасы 81 878,21 мың теңге қаржы қарастырылған. 2023 жылы бағдарлама аясында 440 метр жылу желісі қайта құрылды, ал 2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 480 метр жылу желісі жаңартылды. Үнемделген қаржы есебінен алдағы уақытта қосымша жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда.
Мамандардың айтуынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттардың саны 29,4%-ға азайып, ысыраптар көлемі қысқарып, жылу энергиясын беру сапасы айтарлықтай жақсарады.
«Қуатжылуорталық-3» МКК Шымкент қаласындағы жылу жүйелерінің 100%-ына қызмет көрсетеді, жылу энергиясын өндіруші, беруші және жабдықтаушы болып табылады. Қазіргі уақытта қалада 2 306 көпқабатты тұрғын үй, 287 бюджеттік мекеме (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) және 248 заңды тұлға жылумен қамтамасыз етілген.
Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 880,542 шақырымды құрайды, оның 823,842 шақырымы «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның балансында, ал 56,7 шақырымы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.
Бүгінде «Қуатжылуорталық-3» қарасты 23 дербес қазандық және 17 сорғы станциясы қысқы жылыту маусымына толық дайындалды. 3-Энергоорталық» АҚ (ТЭЦ-3) келетін жылу жүйелері жергілікті бюджет тарапынан жалпы ұзындығы 8,9км жылу құбырлары ауысты. Одан бөлек мекемеміз өз инвестициялық бағдарламасы аясында қосымша тағы 0,44км жылу құбырларын ауыстырып, нәтижесінде жылу жүйесінің тозу деңгейі біршама төмендеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала