jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл басынан бері 218 адам тұрғын үй сертификатын алған

13 тамыз 2024, 16:11

Әлеуметтік осал топтарға арналған «2 — 10 — 20» тұрғын үй бағдарламасы әкімдік кезегінде тұрғандарға беріледі. Бұл жетімдер, көп балалы аналар мен отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек бала асырап отырған отбасылардың баспаналы болуы үшін мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдік. Шарты «5-10-20» бағдарламасына ұқсас. Тек мөлшерлемесі одан да аз, 2 пайыз.

Міне, осы бағдарлама бойынша Шымшаһарда тікелей броньдау басталғаны хабарланды. Іріктеу кезеңі — броньдау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні.

Бұл бағдарламаға:
— I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
— көпбалалы отбасылар;
— жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатыса алады.

Ескеретін бәр жәйт: сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде еліміздің Азаматтық Кодексі 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру «Отбасы банктің» жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады. Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Шымшаһар тұрғындарын баспанамен қамту саласында тағы бір жағымды жаңалық — биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болған. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 16 отбасы – 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3 — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11 — көпбалалы отбасылар, 4 — толық емес отбасылар, 6 — бюджеттік мекеме қызметкерлері бар.

Тұрғындар «Отбасы банк» арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін 1 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінде тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау жалғасуда. Бұл қолдауға ие болу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20», «5-10-20» несиелік бағыттарының бірі арқылы конкурстан өтіп, банктің шарттарына сәйкес төлем қабілеттігін растайды. Қатысушы «Отбасы банктің» ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң тұрғын үй сертификатына өтінім жолдай алады.
Жалпы жыл басында бұдан бөлек әр түрлі әлеуметтік санаттар бойынша 218 адам тұрғын үй сертификатын алды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?