jasqazaq.kz

Шымкент: Жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті табысталды

09 мамыр 2024, 12:34

Бүгін 9 мамыр — Жеңіс күні. Бұл жеңіс күні оңай келген жоқ.
Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады. Отанын қорғап аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді.

Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген құрметіміздің еселене түсері анық. Өйткені, зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлерімздің де қатары тым сиреп барады.
Бүгін Шымкенттіктер де Жеңіс күнін атап өту үшін «Даңқ мемориалына» жиналды. Қаза болған қаһармандардың рухына тағзым етіп, есімдері қашалып жазылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада батыр бабалардың қайсарлығы мен батылдығы дәріптелді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың соғыс және тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау хатын қала әкімі оқып берді. Ал қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі — Нина Егоровна Мосунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған.
Әкім бүгін жеңіс күнін жақындатқан екі ардагерді мерекелерімен құттықтай отырып, екі майдангерге пәтер кілтін табыстады.
«Бүгін біз бейбіт аспан астындағы бүгінгідей мамыражай өмір сыйлаған батырларға құрмет көрсетеміз. Біз Жеңістің құндылылығын ешқашан ұмытпаймыз »- деді, өз құттықтауында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Өз кезегінде майдангерлер көрсетілген құрметке шексіз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?