Шымкент жастары: Лудоманияға қарсы күрес – ортақ міндет

08 сәуiр, 10:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың теріс әрекеттен аулақ болуы керектігініе тоқтала келе, «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс» — деген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары педагогика колледжінің жастарына «Лудомания — қоғамның дерті» атты тақырып бойынша кездесу өтті. Жиынға қаладағы Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесінің» төрайымы Дилдан Нарбекова , Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесінің» мүшесі Әлия Нұрғалиева , Шымкент қаласының Еңбекші ауданының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әсел Төребай мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Жібек Сайдахан қатысты.
Жиынға қатысып, сөз сөйлеген сприкерлер мен сарапшылар лудоманияның қазіргі таңда қауіпті кеселдің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылар, сонымен қатар, жастарға лудоманияға ұшыраған жастардың басынан өткен оқиғаларды баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.
Жастар ресурстың орталығының жұмысы мұнымен шектелмейді. Орталық жастарға құқықтық тәрбие беру мақсатында да маңызды кездесулер ұйымдастырады. Осы орайда жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған арнайы іс-шара өтті. Шымкент қаласындағы Абай ауданындық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен осы іс-шараның тақырыбы — «Заңды білу-заман талабы». Аталған жиын шаһардағы Индустриалды-техникалық колледжінде ұймдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға лейтенанты Берік Қанаев қатысып, ҚР Қылмыстық және Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстерiнен толық мәлiмет берiп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатыны айтылды.

Жиында колледж студенттері құқықтық сала мен заң бұзушылық бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Жастар ресурстық орталығының басты мақсаты-осындай кездесулер арқылы жас ұрпақтық құқықтық санасын арттыру, сондай-ақ, зиянды әрекеттерді болдырмау, жастар арасында жасалатын қылмыстың алдын алу.

Мақпал Махаметқызы
Суреттер Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

Бүгін, 11:48
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды