
1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы дүниежүзілік жастар министрлерінің конференциясында 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысы мақұлданған болатын. Бүгінде бұл мереке жыл сайын аталып өтіліп келеді. Осы орайда, 2024 жылы елімізде 3-12 тамыз аралығында «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Жұмағұлова Әйгерім баяндады.
Ол: Шымкент қаласында 14-35 жас аралағында 387831 жас бар. Олар бүкіл қала халқының 31,4 пайызын құрайды. Жастарға арналған он күндік аясында өтетін ауқымды іс-шаралардың тізімін жасадық. Іс-шаралар кешені аясында қаламыздың жастарын қоғамдық және волонтерлік бастамаларға қатысуын, жастардың мемлекеттік шаралардан хабардар болу деңгейін, қала жастарымыздың азаматтық жауапкершіліктерін, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жобаларға қатысу деңгейлерінің артуын және ғылым мен білімге қызығушылықтарын арттырып, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және іске асыруға үлкен мүмкіндік болып табылады»,- деді.
«Жастармен бірге» ұлттық онкүндік аясында бірқатар шаралар өтеді. Аталмыш іс-шаралар тізбегі жастардың әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету, қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді ат салысуын насихаттау мақсатында сондай-ақ қала жастарын мерекемен құттықтау мақсатында өткізіледі.
Жиында онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар тізбегі айтылды
Ең алғашқы іс-шарада қала жастары «Таза қала» акциясын ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлеріне сенбілік өткізді. Екінші «Жас келсе іске» шарасы аясында жастардың өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа ұмтылуына, кәсіби даму идеяларын ілгерлету мақсатында «Аспан синемада» отандық «Каникулы оффлайн» көркем фильмі Жастар ресурстық орталығы алаңында көрсетілді. Үшінші «Денсаулық -зор байлық» тақырыбы аясында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар» денсаулық орталығында ашық есік күні аясында офтальмолог, эндокринолог, кардиолог, окулист сынды бірнеше дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексеруден өтті. Сонымен қатар «Өзгеге өмір сыйла» акциясы жүріп жатыр. Яғни ол жас ардың тарапынан қан тапсыру іс-шарасы. Төртінші шара «Ғылым таппай мақтанба» деп аталады. Бұл жастарға білім мен зияткерлікті дамыту. Ғылымды танымал ету мақсатында телеарналарда түрлі зияткерлік, ойын-сауық бағдарламалары өтетін болады. Бесінші «Мейірімділік мекені» аясында қайырымдылықты қолдау және өзара көмек, әлеуметтік жауапкершілікті ілгерлету мақсатында қарттар үйіне концерттік бағдарламамен барады. Алтыншы «Адал азамат» күні аясында жастардың коммуникациялық дағдыларын дамыту әлеуетін қолдау мақсатында сараптамалық әрі мотивациялық кеңес берілді. Жетінші «Еңбек бәрін жеңбек» күні аясында еңбекқорлық құндылықтарын ілгерілету, жастардың экономикалық беделін арттыру мақсатында «Еңбек фест» бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Сегізінші «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» күні аясында ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау. Ұлттық сананы нығайту мақсатында «Абай күніне» арналған челлендж өтетін болады. Тоғызыншы «Қорған-2024» күні нашақорлықтың , лудоманияның алдын алу мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп рейд өтеді. Ал оныншы онкүндікті қорытындылай келе жастардың қатысуымен концерттік іс-шара өтеді.
Аталған іс-шаралардың барлығы қала жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі