jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға құқықтық кеңес берілді

20 мамыр 2024, 13:12


Жас буынның құқықтық сауатын арттыру, нашақорлыққа салынуына жол бермеу – бүгінгі күні назарда ұстайтын мәселе. Осыған орай Шымқалада түрлі шаралар жиі ұйымдастырылады. Сондай кездесудің бірі Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында «Құқықтық тәртіп» тақырыбында 600 жастың қатысуымен өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арман Ақшораев, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Шарен Бекенов, Полиция департаментінің киберполиция бөлімінің топ жетекшісі Нұрсұлтан Жұмабай қатысты.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, полицейлер қызметтік іздестіру иттерінің бір сәттік жұмысын көрсетіп, есірткілерді иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді.
Құқық қорғау саласының мамандары жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтына баулу мақсатында Индустриалды техникалық колледжі студенттерімен де кездесті.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Мадина Махамбетова келді.
Кездесуде мамандар нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.
Сондай-ақ Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандарымен бірлесе отыра, «Есірткіге жол жоқ!» акциясын жүргізді.
Акция барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан Ш. Уалиханов атындағы көшенің бойында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі 10 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары жойылды. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы бейнероликтер және кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттерінің мүмкіндіктері көрсетілді. Шара соңында жастар құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды