jasqazaq.kz

Шымкент: Жастардың денсаулығы- ұлт болашағы

25 маусым 2024, 15:48

Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау – мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттардың бірі. Осы тұрғыда жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның үнемі назарында. 2020-2025 жылдарға арналған ҚР-ның Денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында, «Репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыруды бастады. Негізгі мақсат, жоспарланбаған (ерте) жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) АИТВ-ның алдын алу арқылы қауіпсізи мінез-құлықты қалыптастыра отырып, жасөспірім жастан бастап еркек және әйел адамдардың репродуктивті денсаулығын қорғау туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталатын болады.

Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау саласына қажетті қаржыландыру, материалдық жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде. Бұл жайлы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орыбасары Ләззат Сүлеймен Шымкент қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Елімізде ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жан-жақты жұмыс істеуде. Халықаралық ұйымдар тарапынан да үнемі практикалық қолдау көрсетіледі.
«Осыған қарамастан, жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері елімізде орын алуда. Сондықтан бұл сала әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті мәселеге айналып отыр.

Жастардың денсаулығы — ұлттың болашағы, ұлттың сапасының негізі десем артық айтпаспын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне тоқтала кетсек, жыл сайын бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз бала ана атанады екен, оның 775 мыңы — 15 жасқа дейінгі жасөспірім екенін мәлімдеп отыр», – деді спикер.

Жалпы елімізде 18 жас аралығындағы балалар саны 7 миллионға жуық, оның ішінде ұлдар 51%, қыздар 48-49%-ды құрайды. Қала/ауыл бөлінісінде балалар арасындағы ұлдар мен қыздардың да үлесі бірдей. Бала туу жасындағы әйелдер саны елімізде 4,7 млннан асады.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?