Шымкент: Жастарды жат ағымдардан сақтандыру маңызды

06 мамыр, 13:50

Бүгінде жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау – күн тәртібіндегі өткір мәселе. Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры адасушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан жастар арасында кеңінен түсіндірудің маңызы зор. Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» осы тақырыпта кездесулер өткізіп, жастарға кері ағымның зияны мен залалы жайында түсіндіру мен үгіт-насихат жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Айталық, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желідегі діни ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Жол-көлік колледжінде кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт маманы Бектұрсын Омарбаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Саян Тілләбек  және «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталығы мешітінің бірінші наиб имамы  Ақтамберді Мұсабек қатысты. Олар деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары, оны ұстанушылардың іс-әрекеттері мен қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдаланып жүрген жат ағымдағы діннен сақ болуға шақырды.

«Жастар ресурстық орталығы» сондай-ақ «Кереғар діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында Мирас колледжінің жастарына да кездесу ұйымдастырды.

Жастарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту мақсатында өткен іс-шараға Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлімінің басшысы Тілләбек Саян қатысты.

Мамандар қоғамдағы жат ағымдар мен олардан сақтану жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желілердегі түрлі діни бағыттағы сурет, видеоларды таратпауға кеңес берді.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлімінің басшысы  Саян Тілләбектің айтуынша, мұндай кездесулер жастардың болашағы үшін өте маңызды.

Ол: «Біз жат ағымдардың зияны мен салдары жайында жастарға толыққанды ақпарат береміз.  Бүгінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының студенттері, колледж студенттері мен мектептің жоғары снып оқушыларымен тұрақты кездесу өткізіп келеміз. Теріс ағымдар жайлы жастарымыз ертерек біліп, оның салдарын түсінуі керек. Біз өз кезегімізде үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпаймыз. Алдын алу жұмыстарының маңызы қашанда зор»,- деді.

Ал Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» алдағы уақытта да теріс діни ағымның алдын алуға арналған жұмыстарын жалғастырады.

Мақпал Махаметқызы,

Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Биыл бірқатар қылмыстар азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды