jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарды жаман әдеттерден сақтандырудың маңызы

15 мамыр 2024, 12:22

Елімізде жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл ретте республикамыздағы жастар ресурстық орталықтарының маңызы зор. Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» да өз жұмысын осы бағытта жүргізеді. Бүгінгі күні осы орталықтың ұйтқы болуымен түрлі кездесулер өтуде. Жуырда «Авиценна» медициналық колледжінің оқытушы мамандарымен «Сырласу» тақырыбында психологиялық жиын ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты — қыздардың өсіп-жетілуіне қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Сондай-ақ қыз баланың тәрбиесінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық факторларын азайтуды қамтиды. Кездесуде қыздарға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығының» «Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс» бөлімінің психолог маманы Жібек Сайдахан және Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Гүлвира Бектемісова қатысты. Сонымен қатар «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен» «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» тақырыбында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы жанындағы медицина колледжі студентеріне кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты — адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің маманы Назира Жүргенбаева қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәжірибелі психологтың жұмыс бағыттары» аясында «Өтпеліге өміріңді қима» тақырыбында психологтар өзара тәжірибе алмасты.

Семинар-тренингке Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Баян Жандосова, Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция кызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Гүлвира Бектемісова, гештальт-терапевт Гүлзат Асанова, Шымкент қалалық Қазақстан психологтар одағының сарапшысы, гештальт-терапевт Салтанат Асанова мен жоғары оқу орны мен техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемесінің психологтары қатысты.

Семинарда жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, отбасындағы зорлық-зомбылық пен онымен күрес жұмыстары талқыланды. Шара соңында психологтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Әлима Әлмерек,
Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?