Шымкент: Жастарды жаман әдеттерден сақтандыру маңызды

24 мамыр, 14:05


Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу. Өскелең ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру мәселесі де ұмыт қалмауы тиіс.
Осы мақсатта Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
№ 46 мектеп лицейінде өткен кездесуге Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аға инспекторы, полиция майоры Хабибулла Юсупов пен полиция капитаны Айтбек Қалықұл қатысып, қандай жағдайда, қандай әрекеттердің құқық бұзушылық саналатынын тәптіштеп түсіндірді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жастарға есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні қолданудың зияны туралы түсіндірді.
Жастар құқық қорғау органдарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден бас тартуға шақырды.
«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде қыздарға арналған кездесу өтті.


Бұл кеңесті өткізудің мақсаты — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Сондай-ақ, интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Кеңеске тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Асанова және психолог, коуч Назипа Әлтаева қатысты. Спикерлер қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі әдістемелік ойындар ойнатты.
Жастар – бүгінгі қоғамның қозғаушы күші ғана емес, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Жастар жүрген орта үнемі жасампаздыққа және жаңа идеяларға толы болады. Сонымен қатар, жастардың қоғамдағы орнын қалыптастыруға алдыңғы аға буын өкілдерінің тәлім-тәрбиесі де әсер ететіні анық.
Осы орайда, «Жастар ресурстық орталығы» «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» тақырыбында биыл мектеп бітіретңн түлектер арасында кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға «Бибі» аналар кеңесінің мүшелері Тұрсынай Барлыбаева, Дариға Оразбек және педагог-психолог Боранбек Алтынбек қатысты.

Спикерлер жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту, ұлттық болмыс пен халқымызға тән өзіндік мәдени құндылықтарды бағалауда жастарға тәлім-тәрбие тұрғысынан ақыл-кеңестерін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен де бөлісті.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент «Жастар ресурстық орталығы»

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде