Шымкент: Жастар көрнекті ақынға құрмет көрсетті

13 маусым, 14:43

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, оңтүстік өңірде Хан апа аталып кеткен ақын жеке басының емес, халқының мұңын жырлаумен аты шыққан. «Мен – ақынмын, әйелмін әлемді ойлар, Қоғам дертін сімірген кесемде іркіп. Бай таяғы түк емес, төбемде ойнар, Қоғам дерті жіберді есеңгіртіп» деген ақын жырларын жұрт жатқа айтып жүреді.

Ханбибі Есенқарақызы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін 1972 жылы сырттай тамамдаған. Институтта оқып жүріп Макаренко атындағы мектепте мұғалім, 1968-72 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде әдеби қызметкер, 1973-80 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығында бас маман болып қызмет атқарған. 1987 жылы облыстық «Қайырымдылық және денсаулық қорын», 1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Бұл салада ол мемлекеттік тілдің кең ауқымда өмірге енуіне ат салысып, «Тіл туралы» заңның жобасын жасауға қатысады. 11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббат өмірлері» халық арасына кеңінен таралды.

Шымшаһарда қазір Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Ханбибі ақынның мерей тойына арналған бірнеше кездесулер өтуде. Соның бірі — Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткізілген сыр сұхбат.
Кездесуге жүзге жуық оқырман келді. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Сатыбалды Қосалыұлы, жазушы, журналист Шойбек Орынбаевтар ақынға қошемет көрсетті.

Жиын барысында зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебізін білдіріп жатты. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды. Ақынның шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері ақынның өлеңдерін оқып, жиналған қауымды тебірентті. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады.

Осылайша, өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақынмен болған сыр-сұхбат көпке дейін ұмытылмайтын әсер қалдырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде