jasqazaq.kz

Шымкент: Жастар «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді

04 қыркүйек 2024, 15:00

Шымкент қаласының белсенді жастары есірткіге қарсы іс-шараларды жиі өткізеді. Іс-шараның мақсаты жастарды есірті сынды зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. Осыған орай шаһар жастары «Есіркіге жол жоқ» акциясын өткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» баспасөз қызметі.

Акция аясында аясында Қаратау аудандық полиция инспекторы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан «Рахима плаза» сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Белсенді жастар қала көшелеріндегі қатарластарына есірткінің зияны туралы ақпарат беріп, оның заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында сауда орындары мен келушілерге есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертіп, жадынамалық парақшалар таратты.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Заманбек Орынбековтың айтуынша, «Есірткіге жол жоқ!» акциясы тұрақты өткізілетін іс-шараның бірі. Ол: « Жастар реурстық орталығы мен Шымкент қаласы полиция департаментінің «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» басқармасымен тығыз байланыстамыз. Біз бірлесіп қаладағы есірткі жарнамасы жазылған аудандарды анықтап, дереу жою жұмыстарын жүргіземіз. Ай сайын белсенді жастардың қатысуымен есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырамыз. Алдағы уақытта мектептер мен колледж студенттеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастаймыз»,-деді.


Іс-шара барысында 8 шағын ауданында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі 30 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары жойылды. Сонымен қатар Тұран ауданына қарасты Колхозная және Мамутова көшелердің бойында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі 20 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары жойылды.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Самал базарында Шымкент қаласы полиция департаментінің «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» мамандарымен бірге «Есірткісіз болашақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды есірткі мен нашақорлықтан қорғау және олардың алдын алу болып табылады.
Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға арнайы парақшалар таратылып, есірткінің қауіптілігі мен олардан сақтану жолдары туралы түсініктемелер берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде