jasqazaq.kz

Шымкент: Жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі

05 маусым 2024, 12:36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарында Ұлттық ғылым академиясының «Ғылым ордасы» ғимаратын аралап көріп, ғылыми қауымдастықпен кездескен болатын. Мемлекет басшысы осы кездесуде жаһандық ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында ғалымдар мен білімпаздардың рөлі бірден артатынын, алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейетінін атап көрсетті. Бұл үшін бюджеттен 18 млрд теңге бөлінеді. Сөйтіп нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жас ғалымдарға қолдау көрсету мәселесін пысықтау мақсатында Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ ұйымдастыруымен «Жас ғалымдарға әлеуметтік көмек көрсету және білімін жетілдіру әдістері» тақырыбында сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.

Оған «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Қонысбеков Ролан, «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Досмұхамед Асылбек, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Мәди Бесбаев, Шымкент университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары Марат Бейсенбаев пен Айжамал Оңғарова, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты, Басқарма төрағасының баспасөз хатшысы Әзімхан Исмайлов, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ақпарат бөлімінің маманы, журналист Ғалиябану Төлегенқызы және Әл Фараби атындағы ғылыми кітапханасының директоры, ақын Анар Жаппарқұлова қатысты.

Жиында жас ғалымдарға әлеуметтік көмек әдістері және жас ғалымдардың білімін жетілдіру туралы, отандық ғылым саласы қалай дамып жатқандығы, жалпы еліміздегі ғылым саласының дамуы талқыланды.

Басқосуда алдымен сөз алған Ғ.Төлегенқызы жас ғалымдарға әлеуметтік көмек көрсетудің оқу-тәрбие процесін қолдау және олардың ғылыми қызметі үшін қолайлы жағдай жасаудың қазіргі таңда маңыздылығына тоқтала келе, қалай көмек, қолдау көрсетуге болатындығының бірқатар әдістерін атап өтті. Оның ішінде алдымен қаржылық қолдау, тұрғын үй мәселесі, біліктілікті арттыру бағдарламалары, инфрақұрылымдық қолдау, ғылымға деген қызығушылығы мен ұмтылысын дамыту, танымал ғалымдармен байланыс орнату, ынталандыру, насихаттау сияқты мәселелерге тоқталды.

Аға оқытушы Мәди Бесбаев қазіргі кезде ғылымға көп көңіл бөлініп, қолдау жасалып жатқандығын тілге тиек етіп, қазіргі кезде ғылыми әлеуетімізді арттыру керектігін айтты. Оқу орнындағы ғылымға қатысты мысалдарымен бөлісті. Ал жас ғалым Әзімхан Исмайылов та ғылым жолының оңай еместігін, дегенмен бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу керектігін айта келе, өзінің зерттеуінің нәтижесі «Әуезов һәм Абай» атты екі томдық жинағын кітапханаға табыс етті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды