jasqazaq.kz

Шымкент: Жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

20 маусым 2024, 13:43

Шымкент қаласында Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және алимент берешегі бар тұлғаларға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әр түрлі жағдайлармен қателікке жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Осы кезде пробация қызметі мұндай адамдарды қоғамнан шеттетпей, оларды барынша қоғамға қайта бейімдеп, оң мінез-құлқын қалыптастырып, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Пробация қызметі борышкерлер мен арнайы есепте тұрған азаматтарды нәтижелі, әрі тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, жұмыс берушілерге қажетті маман таңдауға жағдай жасауды көздейді.
Жәрмеңкеге 10 жұмыс беруші қатысып, одан басқа 63 мекемеден коммуналдық-шаруашылық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету салалары бойынша мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту квотасына қатысушы 4 мекеменің 20 тұрақты бос жұмыс орны да бар.

Нәтижесінде, жәрмеңкеге 25 адам қатысып, 10 адам тұрақты жұмыс орындарына жолдама алды. Оның ішінде 7 адам квотада белгіленген жұмыс орындарына жолданды. Қалған азаматтар жәрмеңке барысында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер алды.

Осы іс-шара арқылы тұрақты жұмыс орынан жолдама алған Б. есімді азамат ресми түрде тіркеліп, жұмыс істеуге ниеттенген адамға мүмкіндік көп екенін айтады.

«Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдардың жұмысқа орналасуына кедергі көп. Сотты болғанымызды ести салысымен бізге деген көзқарас лезде өзгереді. Бүгінгі жәрмеңкеге қатысып, мекемелерде біз секілді адамдарға мемлекеттен жұмыс орындары квотасы бар екенін есіттім. Бұл мүмкіндікті оңды пайдаланып, тұрақты жұмысқа жолдама алдым. Жалақысы да көңілге қонымды. Жалпы ресми түрде жұмыс істеген адамға көп мүмкіндік бар. Ипотека арқылы тұрғын үй алуға, емхананың қызметін пайдалану секілді мүмкіндіктерге ие болады. Алда жоспарым өте көп. Өзімді жақсы маман екенімді көрсетуге барымды саламын», — дейді жұмыс ізедп келген азамат.

Пробация қызметінде есепте тұрған жандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды