Шымкент: Жаңартылған жол таңбалары кептелісті азайтады

18 шiлде, 14:44

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһарды тұрғындар мен қонақтардығ жүріп-тұруына барынша қолайлы ету үшін жол инфрақұрылымы саласында кешенді жұмыстар қолға алынған.

Айталық, көшелерде көлік кептелісін азайту мақсатында жол таңбалары жаңартылып, бағдаршам, жол белгілері мен оң жақ өткелдер салынуда. Жібек жолы — Сайрам көшелері мен Ибрагим ата — Сареми көшелерінің қиылысына оң жақ өткелдер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар осы аумақта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.

Бәйдібек би даңғылы — көлік ағыны жоғары негізгі магистральдің бірі. Осыған орай, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесіне қосымша жолақтар жүргізілді. Ендігі кезекте Бәйдібек би — Алатау қиылысына қосымша жолақ ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесіне кері бұрылыс ұйымдастырылып, Бәйдібек би — Абылай аралығын қосу жұмыстары жүргізілді.

Онымен қоса, Бәйдібек би даңғылына балама жол ретінде Тұран және Тұран-2 шағын аудандарынан қала орталығына тікелей қатынайтын Таңбалытас көшесіне асфальт төселіп, жол таңбалары сызылды.

Қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда. Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.

Ал Ташкент — Алматы бағытындағы қаланы айналып өтетін негізгі магистральды А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайтын жолдағы құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда.

Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық — 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

А-2 автомобиль жолының Ташкент трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

JQ-Aqparat

Суреттер. Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде