Шымкент: Жаңа гүлзар ашылып, күре жолдың құрылысы жүріп жатыр

16 шiлде, 14:56

Көрікті қала — Шымкент тағы бір гүлзармен толықты. Жаңа гүлзар Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында ашылды. Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков қаланы аралап жүріп, аумағы шамамен 4000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қатысты. Тұрғындар мен қонақтар демалатын гүлзарда субұрқақ орнатылып, орындықтар қойылған. Алдағы уақытта ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.

Сонымен қатар, шаһар басшысы Тұран ауданы, Айқап көшесіндегі жаңартылған балалар ойын алаңын да аралап көрді. Айта кетерлігі, жыл басында халықпен кездесу барысында тұрғындар осы алаңды жаңғырту туралы өтініш білдірген болатын. Халықтың пікірі назардан тыс қалмады. Мұндағы жұмыс демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді.
Бұдан бөлек, әкім «Достық» шағын ауданы, Сыпыра жырау көшесінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде табиғи газбен қамту, кәріз, жол төсеу және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Қала әкімі тұрғындарға инфрақұрылымдық проблемалардың барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Одан кейін қала басшысы «Мәртөбе» кешенінің санитарлық жағдайын, «Өтеміс» және «Сайрам» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің және «Шапырашты» тұрғын алабындағы спорт кешенінің құрылыс барысын да бақылады.
Сондай-ақ «Ордабасы» алаңында қайта жөндеуден өткен субұрқақтың іске қосылу шарасына да қатысты. Жаңартылған субұрқақ мегаполисті абаттандыруға бағытталған тағы бір қадам деуге болады. Жұмыс нәтижесін зерделей келе, мердігер ұйым өкілдеріне анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою тапсырылды.

Ғабит Сыздыбеков «Қошқар ата» өзені жағалауында болып, санитарлық жағдайын тексерді. Жауапты тұлғаларға аумақтың жабық бөлігін ашып, орындықтар мен бейнебақылау камераларын орнатуды және жарықтандыруды тапсырды.

Сонымен бірге Қабанбай батыр даңғылы, «Тәуелсіздік» саябағы, «Спутник» гүлзары, Түркістан және Арбат көшелерінің тазалығын да тексерді. Салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Шымшаһарда Ташкент-Алматы бағытындағы қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырымға созылатын жол құрылысы 8 кезеңмен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық — 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

А-2 автомобиль жолының Тәшкен трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде