Шымкент: Жайлы ортаны қалыптастыру жұмыстары қарқынды

24 сәуiр, 14:54

Мемлекет басшысы сәуір айында жариялаған «Таза Қазақстан» акциясы қызу қолдауға ие болып, бүкіл елді жұмылдырған болатын. Игі бастама шырайлы Шымкентте де қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2023 жылға арналған қалалық жайлы ортаны дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында өткен баспасөз жиынында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайырдың айтуынша, экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдірген. Қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына білек сыбанып кіріскен.
Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар екен.

Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары тазаланып, жөнделді. 59 мың ағаш әктеліп, бұталары кесілді. Қаладан 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйелер, 95 аялдамалар жуылып, 1200 қоқыс жәшігі, 285 сәкі сырланды.

Биыл мегаполистегі барлық магистральды көше, ішкі орам көшелері, көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары, жеке сектордағы ағаштар түгелдей саналып, тізімі жасалады. Қазір 443 магистральды көшелердегі ағаштар саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізіліпті. Бүгінде көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда.
Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында былтырғы жылы 111 су ұңғымасы қазылыпты. Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымасы қазылып, автоматты суғару жүйелері жүргізілген, сорғы құрылғылары орнатылған.

Айта кету керек, мемлекеттік-жекешелік серіктестік шеңберінде, қала аумағындағы магистральды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстарына бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Оның бәрі жеке меншік серіктес есебінен жүргізіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды