Шымкент: Жайлы мектеп құрылысы һәм абаттандыру

13 мамыр, 13:45

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 250,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты. Бірқатар маңызды мәселелер талқыланған облыстың аппарат мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің келтірген мәліметі бұл. Сондай-ақ осы жиында  инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы сөз болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілік тартылатынын жеткізді.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімінің тұрғындармен кездесуіндегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуын баяндады. Тұрғындармен кездесу кезінде 65 мәселе көтеріліп, бүгінде оның 30-ы орындалған. Қалғаны орындалып жатыр.  Бұл орайда қала әкімі жауаптыларға бюджет қаржысын барынша тиімді жұмсап, жұмыс көлемі мен сапасын арттыруды ескертті.

Жиында сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де сөз болды. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек биыл жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 94 пайызын жазғы демалыспен қамту  жоспарланғанын айтты.

Айта кеткен жөн, білім саласы әкімдік назарынан тыс қалмайды.  Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Басқосуда нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдері пысықталды. Нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.

Жалпы бұл жобаның іске асырылуы қала басшысының тікелей бақылауында. Ғабит Сыздықбеков құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтауды, мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және  жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.

Сондай-ақ қаланы абаттандыру мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Шаһар басшысы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен барып көреді. Жуырда ол «Сәуле» шағын ауданындағы саябақты абаттандыру жұмысын көріп қайтты. Бұл нысанды балаларды қорғау күніне орай пайдалануға беру жоспарланған.

Саябақтың жалпы ауданы — 2,5 гектар. Қазірдің өзінде мұнда 1000-нан аса ағаш отырғызылып, 13 500 шаршы метр газон төселді.

Қоғамдық орын бірнеше аймаққа бөлінген: балалар ойын алаңы, спорттық алаң және серуендеуге арналған жол.

Осындай жобалардың арқасында қала тұрғындары жаңа әрі сапалы қоғамдық орында серуендеп, таза ауада демалу мүмкіндігіне ие болады.

Айдос Құсайынұлы

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде