jasqazaq.kz

Шымкент: Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілді

02 қыркүйек 2024, 12:57

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерді қолдауға арналған арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Шаһарда қазір 93 407 зейнеткер бар. Оның екеуі – соғыс ардагері, 1 767-сі тыл еңбеккері. Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 5 000 ардагер мен зейнеткерге шипажайға жолдама беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева айтты.

Басқармаға қарасты 70 орынға лайықталған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені ашылғаннан кейін жылына тағы 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туды. Осылайша жалпы 7000 зейнеткерді шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалды.

Биыл жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мемлекеттік тапсырыс аясында 4 шипажаймен келісім-шарт түзілді. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі» шипажайы, Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және қала ішіндегі «Денсаулық» шипажайлары.

«Аталған шипажайларға 7 айдың қорытындысымен 2 355 жолдама берілді. Ал, «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 170 зейнеткер сауықтыру емін алды. Шипажайларға жолдама беру кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Кезекке үйден шықпай-ақ портал арқылы тіркелеуге және кезек ретін бақылауға болады. Қазір шипажайға жолдама кезегіне 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген», — деді басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Шымкент қаласында қазір 41 406 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.

Басқарма тарапынан бұл ерекше жандардың төмендегі қажеттіліктері өтелді. 4 111 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға протездік-ортопедиялық көмек құрал, 14 048 адамға сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құрал, 909 ерекше жан қол арба берілсе, 2 757 адам жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды. 6 314 мүгедектігі бар адам шипажайда сауықтыру еміне жолданды. Сонымен қатар, тірек-қимыл бұзылысы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жабдықталған 28 «Инватакси» көлігіне 435 адамға қызмет көрсетіп жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр