jasqazaq.kz

Шымкент: «Үздік тәжірибе орталықтарының» әдісі — бүкіл елге үлгі

28 мамыр 2024, 14:27

Өткен жылғы қараша айында Шымкенттегі №3 қалалық емханада «Үздік тәжірибе орталығы» ашылған еді. Бүгінде қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1, №3, №6, №7 емханалар жанында «Үздік тәжірибелік орталықтар жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыты шеңберінде медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған осындай орталықтар барлық аймақта іске қосылуда. Медицина қызметкерлері бірлесе отырып, тұрғындарға әлеуметтік, репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсетуді көздейді. Мұнда жастар денсаулық орталығы, алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, отбасылық денсаулық орталығы, ана мен бала бұрышы бар.

Қазір Шымкенттегі денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратыла бастады.

Бүгін Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6 емханалардың үздік тәжірибесімен танысты. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығы өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер, психологтардан құралған 30-ға жуық маман жергілікті дәрігерлерден тәжірибе алды. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасар облыста 3 үздік тәжірибелік орталық ашу жоспарланғанын жеткізді.

«Бүгінде Шымкентте іске қосылған орталықтар өз нәтижесін көрсетуде. Сондықтан тәжірибе алмасу арқылы медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін енгізуді мақсат етіп отырмыз. №6 емханада бұл жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткіздік. Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет инновациялық-технологиялармен ерекшеленеді. Қазір халықтың талабына орай қызметтің де сапалы болуы маңызды – деді басқарма басшысы.

Делегация емханада өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті модель бөлмесі, денсаулық мектептерінің жұмыстарымен танысып шықты.

«Үздік тәжірибе орталығының» бір ерекшелігі – мұнда әлеуметтік, медициналық қызметтер біріктірілген. Бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс істейді. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырған. Бүгінде емханада дәрігерлер «Емхана науқастардың көзімен», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді 11 жаңа жоба аясында жұмыстар жүргізуде.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?