jasqazaq.kz

Шымкент: Ұлттық ұлан сарбаздары Абай оқулары онкүндігін өткізді

14 тамыз 2024, 15:25

10 тамыз күні бүкіл елде Абай күні атап өтілді. Шымкент қаласында да ұлы ақынның рухына тағзым еткен шаралар өткізілді. Сол сияқты Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды.

ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде Абай оқулары, әдеби кештер, викториналар мен мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Әскери қызметшілер ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Іс-шарадан Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің қызметшілері де шет қалмады. Мұнда ақынның туған күніне орай, мерзімді қызмет сарбаздары арасында поэзиялық байқау өтті.

6506 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі офицері сержант Бекжан Мәлік: «Байқау екі кезеңді қамтыды. Бірі – Абай өлеңдері, екіншісі – қара сөздерін оқу болды. Бұл іс-шараның мақсаты — ұлы ақынымыздың көрнекті шығармашылығын насихаттау», — деді.
Сонымен қатар, байқауға қатысушылар мен қонақтар үшін әскери бөлімнің клубында Абай кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды бәрінен озып шыққан қатардағы жауынгер Бекжан Ермағамбетов жеңіп алды. Екінші орынды қатардағы жауынгер Жақсылық Азамат иемденді. Ал үшінші орын қатардағы жауынгер Смағұлов Жасұланға бұйырды. Сонымен бірге шараға белсене қатысқандар да құр қол қайтпады. Оларға алғыс хат пен түрлі сыйлықтар табысталды.
«Менің ойымша, Абай атамыздың шығармалары – еліміздің жас ұрпағы үшін өлмес байлық. Іс-шара Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, оқырмандардың қазақ тіліне, оның мәдениеті мен жалпы отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды», — деді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Руслан Бектұрсынов.
Айта кету керек, онкүндік аясында ұландықтар Абай мұражайында экскурсия, тақырыптық кештер мен ақпараттық сағаттар ұйымдастырылып, челлендждер өтті.

JQ-Aqparat
Суреттер: ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр