Шымкент: Вице-премьер ірі кәсіпорындардың жұмысын көрді

02 мамыр, 14:41

Шымкент қаласы отандық кәсіпорындарды дамытуда еліміз бойынша алда келеді. Соңғы жылдары шаһардың көлік-логистикалық орталығы аумағында біраз кәсіпорын ашылып, жұмысын дөңгелетіп әкетті. Күні кеше вице-премьер Серік Жұманғарин шаһардағы жұмыс істеп тұрған ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен, сондай-ақ құрылыс барысымен танысты.

Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, көлік-логистикалық орталықтың аумағында 5 гектар жерге «НМИ-Юг» ЖШС көпфункционалды қойма кешені салынуда. Жоба құны — 10,2 млрд теңге. Құрылыстың бірінші кезеңі биыл аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін құрылыс-монтаждау жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Қойманың жалпы аумағы — 22 мың шаршы метр. «НМИ-Юг» ЖШС құрылтайшысы Айжан Найымбекованың айтуынша, қоймада климаттық бақылаудың икемді жүйесі, тоңазытқыш камераларының температурасын -18-ден+ 4 градусқа дейін реттеу қарастырылған, яғни А+ санатындағы қойма. Бұл тауардың кең ассортиментін сақтауға мүмкіндік береді.

Вице-премьерге «Alsera kz» ЖШС жылыжай кешенін салу жобасы да таныстырылды. Құны 650 млн доллар болатын инвестициялық жобаны «Бозарық» индустриялық аймағында «Alarko Holding» түрік компаниясы жүзеге асырып жатыр. Мұнда жаңа технологияларды қолдана отырып, 500 гектар жерде кезең-кезеңімен іске асырылады. Қияр, қызанақ, бақша, тамыр дақылдары мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жоспарлануда. Бұл Шымкенттегі қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешені осы болмақ. Тиісінше, мұнда 2000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков орталық аумағында жүзеге асырылатын басқа да жобаға тоқталды. Серік Жұманғарин іске асырылып жатқан жобаларды жоғары бағалап, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Өйткені АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Вице-премьер «AZALA Textile» ЖШС — дайын тоқыма өнімдерін өңдеу және шығару бойынша толық аяқталған циклдің ірі және жалғыз тоқыма фабрикасына да барды. Фабрикада 475 адам жұмыс істейді. Бірегей тоқыма комбинаты иірілген жіптен тоқыма бұйымдарына дейін өнім түрлерін шығарады.

Өндірістік цехтарды тексеру және зауыт басшылығымен әңгімелесу барысында Серік Жұманғарин мемлекет мұқтаждығы үшін отандық тоқыма өндірушіден өнім сатып алуды ұлғайту жағын үкіметтік деңгейде пысықтауды тапсырды.

Мақпал Махаметқызы,

Суреттер: Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды