jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие

06 тамыз 2024, 13:32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту туралы айтып, нақты іс-шаралар кешенін ұсынған болатын. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 228 504 адамды құрайды. Былтыр 800 мыңға жуық пациент емхана қызметіне жүгініп, оларға 8 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілген. Биыл жыл басынан бері тұрғындар емхана қызметіне 3 жарым мыңға жуық рет жүгінген. Медицина мамандарының басты мақсаты халыққа МӘМС жүйесін тиімді пайдалануды түсіндіру. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жақында Шымкент қалалық №3 аурухананың дәрігерлері жүйке жүйесі ауруынан жүре алмай қалған 74 жастағы науқасты аяққа тұрғызды. Зейнеткер ауыр дерттің салдарынан қайта сауығудан күдер үзген. Үздіксіз емнің нәтижесі ақ халатты жандар мен қарияның ортақ жеңісі болып отыр , деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгінгі таңда жүйке жүйесі ауруы үздіксіз медициналық көмек пен оңалту шараларын талап ететін күрделі дерттің бірі саналады. Әсіресе созылмалы ми қан тамырларының ауруы, эпилепсия, Паркинсон ауруы, инсульт, дисциркуляторлық энцефалопатия сынды ауру түрлері кең тараған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бұл ауруға шалдыққан науқастарды емдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Медициналық көмектің басым көпшілігі МӘМС есебінен қаржыландырылады.

Мәселен, Шымкент қалалық №3 аурухананың жүйке бөлімінде жыл басынан бері 1000-нан астам адам стационарлық ем қабылдаған. Олардың 70 пайыздан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емделген. Меңгерушісі Гүлжахан Бердалиеваның жетекшілігімен талай жанның дертіне дауа дарытқан бөлімнің медициналық көмек пен қызмет көрсету деңгейлері жоғары сұранысқа ие. Науқастар тіркелген емханаларынан жолдаманы осы ауруханаға беруді жиі өтінеді. Оның сыры – жүйке бөлімі қызметкерлерінің ерекше мейірім, қамқорлығында көрінеді.

Жалпы МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтарға тіркелген емханасы бойынша жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызметтер мен есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектер қолжетімді. Қаладағы медициналық мекемелерде былтыр 120 мыңға жуық науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның ішінде 100 мыңға жуығы МӘМС қаражаты есебінен ем қабылдады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?