Шымкент: Тұрғындар инфрақұрылым игілігін көреді

17 сәуiр, 15:59

Кез-келген қаланың жайлы әрі тұрмысқа қолайлы болуында дамыған инфрақұрылымның маңызы зор. Сондықтан шаһар басшылығы тұрғындарды күнделікті тіршілікке қажет ауыз су, кәріз жүйесі, электр қуаты, табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге көңіл бөледі. Энергетика мен инфрақұрылым жүйесін жетілдіруге айрықша мән беріп отырған шаһардың бірі — Шымкент. Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында 2023 жылы осы салада атқарылған жұмыстар мен жетістіктер туралы жан-жақты сөз болды. Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы өткен жылдың қорытындысы мен алда жоспарлар туралы баяндады.

Спикер алдымен шаһар көшелерін жарықтандыру мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда, қала бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-не жарық тартылған. Шаһарда соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында электр жарығымен қамтамасыз етілген көшелердің үлесі көбейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы 107 көшеге жарық тартылып, қамту көрсеткіші 29,5 пайыздан 47 пайызға дейін өсті. Ал былтыр 90 жарықтандырылып, өсу көрсеткіші 70 пайызға жеткен.

Азат Қайнарұлының айтуынша, биыл басқарма Тұран шағынауданында магистралды 13 көшені жарықтандыруды жоспарлап отыр. Ал қаладағы 5 ауданның әкімдіктері 1000-ға жуық көшеге электр жарығын тартуды қолға алмақшы.

Шымқалада тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де басты міндеттің бірі. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы келтірген мәліметке жүгінсек, 2024 жылғы көрсеткіш бойынша шаһардағы 81 елдімекеннің 79-ы ауызсумен қамтылған. Екі елдімекенге (Құрсай, Сайрам) ауыз су кестемен беріледі. Өткен жылы 6 нысанның (Құрсай – 1,2 кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам -1,2 кезек және 3 кезек, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд теңге бөлінді. Қайнар бұлақ тұрғын үй алабы мен Еңбекші ауданының 7 елдімекенде ауыз су жүйесі құрылысы аяқталды. Сөйтіп, елдімекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетті. Биыл Құрсай, Сайрам тұрғын үй алабы аумақтары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Қалада шағынаудандарды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатпен 2023 жылы 9 нысанға 8,6 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға дейін өсті. Ағымдағы жылы жоспар бойынша, 2 магистарлды кәріз коллекторы мен 6 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстарын жүргізіледі.

Қала басшылығы тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жіті мән беріп отыр. Соның арқасында шаһар аумағындағы 81 елдімекен толығымен электр қуатымен қамтылған. Былтыр 4 шағынауданда (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталды. Соның нәтижесінде 22 мыңға жуық тұрғын электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Шаһардағы елдімекендерді табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі де шешіліп келеді. Қазір жартылай қамтылған 24 шағынаудан мен табиғи газ келмеген 3 елдімекенді «көгілдір отынмен» толық қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Өткен жылы 9 нысандағы құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд бөлінді. Соның нәтижесінде 6 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, Шымқалада 49 мыңға жуық тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көруге мүмкіндік алды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды