Шымкент: Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

20 маусым, 13:34

Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болғаннан бері барлық саласында оң өзгеріс көп. Соның бірі – құрылыс саласы. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын Шымшаһарға сапарында тұрғын-үй құрылысын жандандыру туралы тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында шаһарда тұрғын үй салу құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Мәселен, биыл құрылыс басқармасы тарапынан 275 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үй (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс. Оның ішінде арендалық — 828 пәтерлі 8 үй(Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-6 үй),2554 пәтерлі кредиттік 69 үй бар (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй). Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер: қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй)», — деді Олжас Тәжібаев.

Биылғы 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.

Бүгінде қалада 2 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ — 10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд теңге қарастырылған.

Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, Ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде. Биыл қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Әлима Әлмерек,

Суреттер: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде