Шымкент: Тұран ауданы ауыз су мен электр қуатынан тапшылық көрмейді

10 маусым, 15:09

Шымкент қаласындағы Тұран ауданының құрылғаныны көп бола қойған жоқ. 2022 жылы 7 шілдеде құрылған ауданның аумағы 36,3 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл шаһар аумығының 32 пайызы деген сөз. Тұрғын саны да 200 мыңнан асып жығылады. Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. 597 даңғыл мен көше бар. Ал тұрғын үй саны соңғы деректер бойынша 39 883. Сәйкесінше, әеуметтік нысан да аз емес. Тұран ауданында 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ бар. Мұндай үлкен ауданда инфрақұрылымның мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету де оңайға соқпайтыны анық. Соған қарамастан, жаңа ауданда атқарылған шаруа көп. Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбаев қаладағы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, есеп берген болатын.

Тұрғындарға ең керегі — ауыз су десек, бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 пайыз табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 пайызы қамтылған.

2025 жылы Тұран ауданын 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Үстіміздегі жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше. Соның нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2 пайыздан 83,4 пайызға жеткізіледі.

Тұран ауданында жалпы 597 көше бар, оның ішінде 254 көше жарықтандырылған. Биылғы жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.

Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 40 алаңша салу жоспарда. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балаларға және спортқа арналған), 2 спорт алаңша салынады

Сондай-ақ, Ю.Гагарин, Республика даңғылы, А.Байтұрсынов көшесі, Орманов, Б.Момышұлы және т.б көшелерге барлығы 4870 шаршы метр аула аралық жолдар салу көзделген.

Айта кеткен жөн, қаланың көлік жүйесін дамыту мақсатында Қайтпас шағын ауданындағы Алтынсарин көшесін Тұран шағын ауданына дейін кеңейту және тесу жобасы қаралған болатын. Бұл жоба мұндағы көлік ағынын, жүктемені реттеуге септігін тигізуі тиіс.

Қысқасы, үлкен шаһардың бір бөлігі – Тұран ауданын жаңғыртып-көркейту жұмыстары тоқтамайды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде