Шымкент: Тұрақты жұмыспен қамту – басты назарда

17 сәуiр, 11:27

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, сол арқылы әл-ауқатын жақсарту атқарушы органдардың негізгі міндеті екенін айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы келтірген деректерге сүйенсек, 2024 жылы 57 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды көздейтін шараларға қатыстыру көзделіп отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіш бойынша 12 мыңнан астам адам түрлі жобаларға қатысты.

Шаһарда «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыруға айрықша мән берілуде. Осы мақсатпен нарықтағы жұмыс кұшіне сұраныс ескеріліп, қасқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары қолға алынды. Бұл жұмыссыздар легін азайтып қана қоймай, отандық өндірісті қажетті маманмен қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Өйткені, бүгінде еңбек нарығында техникалық және кәсіптік сала мамандарына, нақтырақ айтсақ, құрылыс шеберлері, дәнекерлеуші, электр маманы, компьютер және аппарттық құрал операторы, сондай-ақ, көкөніс өсірушылерге сұраныс жоғары болып тұр.

Белгілі бір мамандықты игеріп шығатын кәсіптік оқыту курстары 18 жастан бастап, зейнет жасына дейінгі қаладағы жұмыссыз азаматтарды қабылдайды. Жоспар бойынша, субсидияланатын жұмыс орындарына 7453 адамды қамту көзделген. Жыл басынан бері 4288 адам түрлі жұмыс орындарына барған. Азаматтарды жұмыс қабылдау enbek.kz порталы арқылы жүзеге асрылады. Автоматандырылған осы жүйе жұмыс берушілерге қолайлы әрі уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді.

Мемлекет басшысы жастар арасынғы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2023 жылдан бастап 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беруді тапсырған болатын. Осы мақсатпен, қалада 273 адамға 1365,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның пікірінше, қазіргі таңда азаматтарды кәсіпкерлікке бағыттау, сол арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру жұмыссыздық деңгейін төмендетудің тиімді жолы болып тұр.Осы мақсатпен кәсіппен айналысуға ниет білдірген халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз грант беру қарастырылған. 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын гранттар бір рет әрі нысаналы(нақты) мақсаттағы жобаға беріледі. Бұл үшін «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіптік білім алғанын растайтын куәлік болуы міндетті. Аталған куәліктің 3 жылға жарамды екенін айтқан жөн. Биыл грант екі лекпен беріледі. Жоспар бойынша барлығы 426 азаматқа грант бөлу көзделіп отыр.

Айта кеткен жөн, грант алушының қаржыны нысаналы пайдалануын еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мониторинг жүргізу арқылы қадағаланып отырады. Грант мақсатсыз жұмсалған жағдайда қаржы толығымен қайтарылады. Ал грант алу үшін нақты кәсіпке құрылған бизнес-жоспар болуы тиіс. Қайтарымсыз грант Шымқаладағы отандық өнімнің көлемін арттыруға септігін тигізеді.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды